Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбедегі халық емшілері емтиханнан жаппай сүрініп жатыр

Ақтөбедегі халық емшілері емтиханнан жаппай сүрініп жатыр

LiveInternet

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ел ішінде емші жүр» жобасымен Ақтөбеге келген Бауыржан Нұржанов өзі басқарып отырған кәсіби халық емшілері қауымдастығы жайлы Aktobenews.kz тілшісіне айтып берді.

Республиканың 14 облысында филиалы бар кәсіби емшілер қауымдастығында 600-ге жуық емші тіркеулі. Аталған қауымдастықтың президенті Бауыржан Нұржановтың айтуынша, бес мемлекеттің азаматтары одан емдеумен айналысуға рұқсатнама алып кетеді. Ұйымға тіркелу үшін үміткерлер психо- және наркодиспансерден анықтама алулары тиіс. Сондай-ақ, 82 сұрақтан тұратын психологиялық тест тапсырулары шарт.

«Ақтөбе облыстық филиалында 21 емші жұмыс істеген. Қазір сол емшілердің тек төртеуі ғана қалды. Қалғаны аттестациядан өте алмады. Сосын талап күшейген жерден барлығы «Мен халық емшісімін», «Құдайдан берген қуатым бар», «Мен ешкімнен сатып алғаным жоқ» деп ішкі тәртіпке бағынғысы келмеді. Бірақ олар заңсыз түрде әлі де жұмыс істеп жатыр», — деді Бауыржан Нұржанов.

Қауымдастық президентінің айтуынша, өзін емшіміз деп таныстырған адамдар халық медицинасына шүйлігеді. Соның кесірінен халықтың емшілерге деген сенімі азаяды.

«Бізді көбіне экстрасенсорикамен, көріпкелдікпен шатастырады. Мен басқаратын мекемеде бірде-бір емші өзін көріпкел деп таныстырмайды», — дейді ол.

Мейрамбек Ермағамбет, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *