Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Танымал бизнес-тренер ақтөбеліктерге кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретеді

Танымал бизнес-тренер ақтөбеліктерге кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретеді

blog.marketculture.com

«Бизнес бастау» кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы, қазақтың тұңғыш бизнес-тренері Ахметбек Нұрсила Ақтөбе қаласына келіп, тұрғындарға кәсіп бастаудың жолын айтпақшы, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

29 қыркүйек күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Ахметбек Нұрсила тегін шеберлік сабағын жүргізбекші.

Осы уақытқа дейін екі айлық «Аламан бәйге» курстары оқытылып келеді. Қатысушыларға кәсіп бастаудың қыр-сырын түсіндіріп, сауданың сырын үйретеді. Өздігінен жарнама жасау, клиенттермен қарым-қатынас барлығы қарастырылған жоба өз пайдасын беріп келеді.

Аз уақыт ішінде пайданың көзін игеріп, өз кәсібін дөңгелетіп отырған «Бизнес бастау» мектебінің шәкірттері бүгінде жетістіктерге жетуде. Жасап жатқан жұмыстары мен шығарып жатқан өнімдері шет елдерге де шығарылып жатыр.

Бизнесте 20 жылдан аса тәжірибесі бар белгілі кәсіпкер, бизнес-сарапшы Ахметбек Нұрсиланың жүйесі Қазақстандағы ең бірінші қазақ тіліндегі кәсіпті дамыту және кәсіпкерлікке баулу мектебі болып табылады.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *