Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Шалқар ауданы «Қазақстан барысы» турниріне палуан дайындап жатыр

Шалқар ауданы «Қазақстан барысы» турниріне палуан дайындап жатыр

sport.gov.kz

Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев ел таңғалатын спортшылар дайындап жатқанын айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Шалқар қашан да спортпен аты шыққан жер. Ауданда спорттың күрес түрі жақсы дамыған. Биыл бірінші рет жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Ауданымызға 370 спортшы келді. Еліміздің барлық спорт мектептері атсалысты. Жарыс үш күнге созылды. Әлем чемпиондарының ауданымызға келуі біз үшін мақтаныш. Кеше Шалқарда күрес мектебі ашылды. Болашақта «Қазақстан барысы» бәсекесіне Шалқардан палуанын шығарамыз деген ойымыз бар», — дейді Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев.

Шалқарлықтар спортта қазірден жетістікке ие бола бастады. Чемпионат кезінде Ақтөбе облысына үшінші орын алып берген.

«Қазақстан чемпионатында біздің 13 жасар баламыз чемпион болды. Ақтөбе облысына спорт жарысында үшінші орыннан көрінуіне үлкен септігін тигізді», — дейді аудан әкімі.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *