Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбе мешіттерінің жамағаты тазалық жұмыстарына кірісіп кетті

Ақтөбе мешіттерінің жамағаты тазалық жұмыстарына кірісіп кетті

Ақтөбе мешіттерінің жамағаты қолдарына кетпен-күрек алып, қаланы абаттандыру жұмыстарына кірісіп кетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Нұр Ғасыр» мешітінде ішкі және сыртқы тазалық жұмыстары толық жүргізілді. Баспалдақтар мен оның жақтаулары, есік-терезелер сүртіліп, жарық шамдары тазартылды. Мешіт ауласындағы зиянкес өсімдіктер жұлынып, сыртқа шығарылды. Сенбілік жұмыстарына 50 жуық адам қатысты.

Өзге мешіт жамағаттары да қарап қалмады. Ескі мешіт, «Қабақ баба», «Сүлеймен ата», «Досжан хәзірет», «Нұрдәулет» және «Бақытжан» мешіттері де тазалық жұмыстарына атсалысты.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *