Бастапқы бет / Әлем / Трамп сегіз елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге шектеу қойды

Трамп сегіз елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге шектеу қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп арасында Иран бар, сегіз ел азаматтарының АҚШ-қа кіруін шектейтін жаңа қаулы шығарды. Бұл бұған дейін қабылданып, алты ел азаматтарының сапарын шектейтін, уақыты өткен құжатты алмастырмақ, деп хабарлайды Азаттық.

Дональд Трамп, АҚШ президенті. golos-ameriki.ru

Трамп 24 қыркүйекте Венесуэла, Иран, Йемен, Ливия, Сирия, Солтүстік Корея, Сомали және Чад азаматтарының АҚШ-қа сапарлауына шектеу қоятын құжатқа қол қойды. Жаңа шектеулер тізімінен Судан шығарылған, ал Ирак азаматтары тізімге енгізілмегенімен, АҚШ территориясына кірерде қатаң тексерілмек.

Жаңа шектеу 18 қазанда, сот Трамптың бұрынғы шектеуінің заңдылығы туралы ауызша аргументтерді тыңдайтын отырысынан сегіз күннен соң күшіне енбек.

«Мен Американы қауіпсіз қылуды ең бірінші міндетім деп білемін. Біз өзіміз сенбейтін адамдарды елімізге кіргізбейміз» деп жазды Трамп Twitter-де.

Жаңа құжатта Сирия сияқты елдер азаматтарының АҚШ-қа кіруіне белгісіз мерзімге тыйым салу, Венесуэла азаматтарына, мысалы белгілі бір үкімет мүшелері мен олардың отбасыларына иммиграциялық емес виза беруді тоқтату қарастырылған.

Венесуэла мен Солтүстік Корея бұған дейінгі шектеу салынған алты ел құрамында болмаған.

Иран, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали және Судан азаматтарының АҚШ-қа сапарлауына тыйым салатын наурызда шыққан жарлықтың күші 24 қыркүйекте тоқтаған.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *