Бастапқы бет / Әлем / Мексикадағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 273 адамға жетті

Мексикадағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 273 адамға жетті

Құрбан болғандардың жартысы ел астанасы Мехиконың тұрғындары. Тоқтаусыз жұмыс істеп жатқан құтқарушылар үйінді астынан табылған мәйіттер көп. Сондықтан опат болғандардың қатары әлі де артуы мүмкін, деп хабарлайды КТК арнасы.

Алапат зілзала Мехикодағы 40-тан астам ғимарат жермен жексен еткен. Азаматтық қорғаныс ұлттық агенттігінің хабарлауынша, ел орталығынан басқа Морелс штаты мен өзге де қалаларда қаза тапқан тұрғындар бар.

Қазір Мексиканың барлық аймағымен қатар шетелде тұратын мексикандықтар да ел басына туған ауыр күнді жұмыла көтеруге атсалысып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, үйінді астындағылар үш күнге дейін сусыз өмір сүре алуы мүмкін.

stan.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *