Ақтөбеде тағы бір оқушы орамалмен мектепке кіре алмағаны үшін директордың үстінен арыз жазды

Ақтөбеде тағы бір оқушы орамалмен мектепке кіре алмағаны үшін директордың үстінен арыз жазды

Бүгін Ақтөбе қаласындағы №20 мектепке орамалды оқушының ата-анасы полиция шақырды. 11 сынып оқушысы Арунаның сабаққа кіре алмай жүргеніне бес күн болған.

«Қызым 1-сыныптан бастап осы мектепте оқиды. Қазір орамал мәселесіне қатысты қиындықтар көріп жатырмыз. Қызым бес күннен бері сабағына кіре алмай жүр. Барлық бағдарламаларынан қалып қойды. Бүгіннен бастап қорғаушы жалдадық. Директордың үстінен сотқа жүгінетін боламыз. Бүгін мектепке полиция шақырдық. Жасөспірімдер инспекторы арызымызды қабылдаудан бас тартып, бөлімшеге барып жазуымды сұрады. Айтуынша, ол тек мектептегі төбелеске ғана келеді екен. Енді мен баламның құқын шектегені үшін директордың үстінен сотқа шағым түсіретін боламыз», — дейді Құмарбек Набиянов.

Құмарбек Набиянов орамал таққан қызының құқын қорғау үшін қорғаушы да жалдап алған. Істі ақырына дейін жеткізуге бел буған.

Ақтөбедегі №20 мектепке орамал тағып келетін жалғыз оқушы бар.  Мектепке келген жасөспірімдер ісі бойынша полиция инспекторының  айтуынша, орамал мәселесіне қатысты полиция бөлімшесіне 5-6 арыз түскен.

Пікір қалдырыңыз