дүйсенбі , 25 қыркүйек 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеде бір күннің ішінде 500-ден астам көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Ақтөбеде бір күннің ішінде 500-ден астам көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

12 қыркүйектен бастап Ақтөбе облысында «Қауіпсіз жол» республикалық алдын алу шарасы өтіп жатыр. Бұл науқан жолдағы қауіпсіздікті сақтауға және жол апатының алдын алуына бағытталған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Іс-шараның нәтижесінде 500-ден астам жүргізушінің жол тәртібін бұзғандығы анықталды. Соның ішінде 14 жүргізуші көлікті мас күйінде айдаған, 55 жүргізушінің төлқұжаты болмады, 115 жүргізуші жылдамдықты асырған.

Айта кетейік, аталған іс-шара 16 қыркүйекке дейін жалғасады.

Самат Бижанов, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *