дүйсенбі , 25 қыркүйек 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеде сотталғандардың туыстары отбасы күні аясында түрмедегі бір күндік өмірмен танысты

Ақтөбеде сотталғандардың туыстары отбасы күні аясында түрмедегі бір күндік өмірмен танысты

istockphoto.com

Ақтөбедегі түзету мекемесі отбасы күніне орай жазасын өтеушілерді туыстарымен кездестірді. Тар қапаста отырғандар көтеріңкі көңілмен ағайын-бауырларына мерекелік концерт ұйымдастырып берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін Ақтөбе облыстық қылмыстық атқару жүйесіне қарасты КА-168/2 түзету мекемесінде ашық есік күні өтті.

«Түзету мекемесі ұжымы тек жазаны өтеуді ұйымдастырумен айналыспайды. Ең бастысы сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру. Сотталғандардың қоғаммен, туыстарымен байланыс үзбегендері жақсы. Бізде ашық есік күні тоқсан сайын өткізіледі. Бұл жерде қауіпсіздігі орташа адамдар жазаларын өтеп жатыр. Туыстарына жазасын өтеушілердің біркүндік өмірімен танысуға мүмкіндік береміз. Бүгінгі кездесуді отбасы күніне арнадық. Жазасын өтеп отырғандар туғандарымен кездескен әр сәтті бақытқа балайды», — дейді Ақтөбе облысы қылмыстық атқару жүйесіне қарасты КА-168/2 түзету мекемесінің қызметкері Нұркен Смайлов.

Бүгінгі кездесу кезінде спорттық, қолөнер шаралары ұйымдастырылды. Сотталғандардың қолдарынан шыққан үздік қолөнер туындыларын балалар үйіне табысталатын болады.

Ақтөбе облысы қылмыстық атқару жүйесіне қарасты «Ка-168/2» түзету мекемесінде 700 адам жазасын өтеп жатыр.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *