дүйсенбі , 25 қыркүйек 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Мұғалжар ауданының Ақтөбедегі күндерінде өнерлі жұп Жанболат пен Жазира өнер көрсетеді

Мұғалжар ауданының Ақтөбедегі күндерінде өнерлі жұп Жанболат пен Жазира өнер көрсетеді

stan.kz

14-16 қыркүйек аралығында Мұғалжар ауданының Ақтөбедегі күндеріне орай ұйымдастырылатын гала-концертте қазақ эстрадасының жұлдызды жұбы Жанболат пен Жазира өнер көрсетеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі аудан әкімдігінің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында үш күн қатарынан «Туған жерім – нұрлы елім» деген атпен Мұғалжар ауданының күндері өтеді. Осы орайда облыс орталығында ауқымды шаралар ұйымдастырылады.

Ал, аудан күндерінің маңызды бөлімі Ақтөбедегі Тұңғыш Президент саябағында өтеді. Онда ауданнан шыққан өнерпаздармен қатар қазақ эстрадасының жұлдызды жұбы Жанболат пен Жазира қатысады. Аталған концерттік бағдарлама 16 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 18.00-де басталады.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *