дүйсенбі , 25 қыркүйек 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Қажылыққа баратын ақтөбеліктердің құрметіне орталық мешітте ас берілді

Қажылыққа баратын ақтөбеліктердің құрметіне орталық мешітте ас берілді

«Tawaf Travel» компаниясы арқылы Ақтөбе облысынан қажылыққа баратын тұрғындарға «Нұр Ғасыр» мешітінде ас берілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыс имамы Төлеби Оспан болашақ қажыларға ақ жол тіледі. Мұсылман парыздарының бірін бұрын өтеп келгендер естеліктерімен, өткен сапарлардан алған әсерлерімен бөлісті. Ақсақалдар бата беріп, Құран аяттары оқылды.

Айта кетейік, биыл қажылар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан тікелей рейспен Мекке, Мәдина және Жидда қалаларына жете алады. Алғашқы легі 23 тамызда жолға шығады.

Қамбар Мұқашев, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *