Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / «Sinopec Group» Ақтөбе облысында жаңа жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр

«Sinopec Group» Ақтөбе облысында жаңа жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр

19 тамыз, сенбі күні Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев «Sinopec Group» трансұлттық корпорациясының бас директорының орынбасары Цзяо Фанчжэнмен кездесті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Кездесу барысында өңірдің дамуына əсер ететін өзара тиімді əріптестікті дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, негізгі экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу сұрақтары талқыланды. Əңгімелесушілер тек шикізат секторында ғана емес, өңдеу саласындағы əріптестікті кеңейтуге де қызығушылық танытты.

Жуырда «Sinopec Group»-те өңірдегі өңдеу өнеркəсібінің нақты жобаларын жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыратын жұмыс тобы құрылмақ.

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *