дүйсенбі , 25 қыркүйек 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Жөнді мәдени ошағы болмаған Шәмші елді мекеніне Сапарбаев ауыл клубын салып берді

Жөнді мәдени ошағы болмаған Шәмші елді мекеніне Сапарбаев ауыл клубын салып берді

Қарғалы ауданына сапары кезінде Бердібек Сапарбаев Шәмші Қалдаяқов ауылындағы ауыл клубының салтанатты ашылуына қатысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыс басшысы алдағы уақытта мұнда мәдени шаралардың көптеп өткізілетініне сенім білдірді.

«Осыған дейін ауыл тұрғындары жастар үшін ауыл клубы керек деген болатын. Орта мектепті жөндеу керектігі сөз болды. Жол мәселесі айтылды. Барлығы есімде. Жол жөнделе бастады. Мектепке қатысты нақты жұмыстар сәл кейін қолға алынады. Ал, бүгін ашылған ауыл клубы 150 орынға есептелген. Оған облыстық бюджеттен қаражат бөлінді», — деп атап өтті облыс басшысы.

Бердібек Сапарбаев Шәмшінің есімімен аталған ауылда қолға алынып жатқан өзге жұмыстар туралы да баяндап өтті.

«Алдағы уақытта тек сіздің елді мекенде ғана газбен, электр қуатымен және сумен жабдықталған 390 тұрғын үй тұрғызылатын болады. Жаңа технологияларды пайдалана отыра Ақтөбе-Орск автокөлік жолына жөндеу жүргізілуде. Сіздерді алаңадататын сұрақтарды шешеміз, бірақ бірте-бірте. Әлеуметтік мәселелерді шешуде бізге сіздердің тараптарыңыздан қолдау мен жәрдем қажет», — деді облыс басшысы.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *