Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбе аспанында Шәмшінің әндері әуеледі (ФОТО, ВИДЕО)

Ақтөбе аспанында Шәмшінің әндері әуеледі (ФОТО, ВИДЕО)

Ақтөбедегі Тұңғыш Президент саябағында мемлекеттік әнұранның авторы, ҚР халық әртісі, сазгер Шәмші Қалдаяқовқтың туған күніне орай «Ән-ғұмыр» атты ретро әндер фестивалі өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

фото: Абылай Қожахмет

Мерекелік концертте Шәмші Қалдаяқовтың танымал әндерімен бірге үзеңгілес достары Әбілахат Еспаев, Теміржан Базарбаев, Әсет Бейсеуов, Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары орындалды.

фото: Абылай Қожахмет

Ретро әндер фестиваліне облыс басшысы Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев пен облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова келді.

фото: Абылай Қожахмет

«Ән ғұмыр» фестивалінде ақтөбеліктер жүргізушілер Есет Қаниев және Дархан Рахымжанмен қосылып, ән шырқады.

Үлкендер жағы жастық шақтарын еске алып, бір қуанып қалды.

Эстрада жұлдыздары Мирас пен Құралай Бекжановтар /Алматы/, халықаралық конкурстардың жүлдегері Жадыра  Арыстанова /Алматы/, Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері, Мәдениет саласының үздігі Нұрғали Тұрлыбеков /Астана/, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бибігул Жанұзақ /Астана/, Арайлым  Рахымқызы /Астана/, «Дарын» мемлекеттік  сыйлығының лауреаты, әнші-жыршы Айгул Елшібаевамен /Астана/ бірге Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншілері Ақтөбе аспанын керемет әнге бөледі.

Көрермендер  кеш жүргізушілерімен қосылып ән шырқап, ризашылықпен тарқасты.

Кештің мақсаты — есті әндерді келешек ұрпақтың бойына сіңіру және насихаттау.

Әзірлеген Дина Бөкенбай, Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *