Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбелік тұрғын полиция қызметкерін балағаттап жіберді

Ақтөбелік тұрғын полиция қызметкерін балағаттап жіберді

zavisimost03.ru

Қоғамдық тәртіпке шақырмақ болған полиция қызметкерін балағаттап, қарсылық білдірген қала тұрғыны жауапқа тартылды.  Іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Оқиға 2017 жылдың 10 шілдесінде болған. Полиция қызметкерлері таң алдында ағайынды Жұбановтар көшесінің бойында  мас күйінде жүрген қала тұрғынын тоқтатқан. Ішімдік ішкен тұрғынды бөлімшеге апармақ болғанда ол полиция қызметкерлерін балағаттап, қарсылық білдірген. Қасақана бағынбай, қарсылық көрсеткен тұрғынның ісі сотқа жетті.

«Сот қаулысымен азамат С. ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлайды Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *