бейсенбі , 24 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ерке Есмахан Ақтөбедегі тыңдармандарына қатысты: «Ешқандай жабайылық емес, бұл сүйіспеншілік»

Ерке Есмахан Ақтөбедегі тыңдармандарына қатысты: «Ешқандай жабайылық емес, бұл сүйіспеншілік»

фото: Қамбар Мұқаш

Ақтөбедегі тыңдармандарын сынағандарға танымал әнші Ерке Есмахан жауап берді. Сахнаға баса көктеп мініп кеткен ақтөбеліктерге қатысты ол өзінің инстаграмдағы парақшасында «Ешқандай жабайылық емес, бұл сүйіспеншілік» деп жазған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Президент паркінде құрылысшылар мерекесіне орай концерт берген ол жерлестерінің ықыласы мен қошеметіне дән риза болғанын жазады.

«Әріптесіммен (Төреғалимен — ред.) ән айтып тұрғанымызда осындай жағдай болды. Не дегенмен, «Аллоның» орны бір бөлек! «Аллоның тыңдармандары» міне, осындай! Уайымдамаңыздар! Төреғали аман, мен де аман, тек көйлек жыртылды», — дейді Ерке Есмахан.

Естеріңізге сала кетейік, құрылысшылар мерекесіне орай Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлі концерт берген болатын. «Алло» әнін орындап жатқанда тыңдармандар сахнаға лап қойды. Оларды тоқтатуға тәртіп сақшыларының әлі келмеді.

Әншілердің ақтөбелік тыңдармандарының әрекетін желі қолданушылары «жабайылық» деп сынаған болатын.

Айта кетейік, Ерке мен Төреғалидің құрылысшылар мерекесіне арналған Ақтөбедегі концертіне 10 мыңға жуық адам жиналды.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *