бейсенбі , 24 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбе стадионында жалаң аяқ жүгіріп ән айтқан Ерке Есмахан футбол фанаттарын бір қуантып тастады (ВИДЕО)

Ақтөбе стадионында жалаң аяқ жүгіріп ән айтқан Ерке Есмахан футбол фанаттарын бір қуантып тастады (ВИДЕО)

скрин: Ерке Есмаханның инстапарақшасындағы видеодан

Танымал әнші Ерке Есмахан Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда көгалмен жалаң аяқ жүгіріп кеңінен танымал болған «Қайда» әнін орындап, футбол фанаттарын бір қуантып тастады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Желідегі парақшасында әнші «Ақтөбе» футбол клубының 50 жылдық тойын тойлағанын жазады.

«Ойыншылар мен жанкүйерлеріне ән-шашуымды паш еттім! Өзімше Шакира болып жүрмін. Өзім керемет әсер алдым және 13-сектор жанкйерлеріне РЕСПЕКТ! Жақсы көрем, Ақтөбем», деп жазған Ерке Есмахан инстапарақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін «Ақтөбе» футбол командасының фанаттарының «Қайда» әнін орындаған сәті желіде тараған болатын. 13-сектор мүшелері әншінің хит әнін жатқа айтып, желі пайдаланушыларының көңілінен шыққан болатын.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *