Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеде бұрын-соңды болмаған концерт: Төреғали мен Еркенің фанаттары сахнаны басып алды (ФОТО, ВИДЕО)

Ақтөбеде бұрын-соңды болмаған концерт: Төреғали мен Еркенің фанаттары сахнаны басып алды (ФОТО, ВИДЕО)

фото: Қамбар Мұқаш

Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлінің ақтөбелік фанаттары сахнаны басып алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бірнеше әнді дуетпен орындап жүрген танымал жұлдыздар Ақтөбедегі Тұңғыш Президент атындағы саябақта құрылысшылар мерекесіне арнайы келген болатын.

Тегін концерттің болатыны жөнінде бірнеше күн бұрын инстаграм желісінде хабар тараған еді. Соңғы кезде хит әндер орындап жүрген қос жұлдызды көруге келгендер аз болмады.

Құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен алдымен облыс басшысы Бердібек Сапарбаев құттықтап, оларға алғыс хаттар табыстады. Шараның салтанатты бөлігі өткен соң, сахнаға Төреғали шықты. Халық сахнаға жақын тұру үшін қоршауларды ұшырып әкете жаздады. Ал, Ерке Есмаханды хабарлаған кезде жұрт сахнаға лап қойды.

 

Екі жұлдыздың фанаттарын тәртіп сақшылары да тоқтата алмады. Кенет, тыңдармандар сахнаны да басып алды. Ерке мен Төреғали ән айтуды тоқтатпады. Керісінше, ақтөбеліктер тарапынан болған әрекетті екеуі де қошемет деп санаған тәрізді.

Сахнаға ұмтылғандардың қатарында аяғы ауыл келіншектер мен таяққа сүйенген әжейлер де болды. Бірнеше бала жоғалып кетіп, аналары көз жастарына ерік берді.

Кейбір фанаттар тәртіп сақшыларымен төбелесуге дейін барды. Бір жігітті тәртіп сақшылары жабылып сабап тастады. Қысылып қалғандары артқа қарай шыға алмады. Сондықтан, күзет қызметі оларды сахна арқылы парктің басқа жағына өткізіп жіберуге мәжбүр болды.

фото: Қамбар Мұқаш

Фанаттарды тоқтата алмай жүргендердің бірі қала басшысының орынбасары Жандос Байырханов Ерке Есмаханды соңғы әнін орындап бола бере көлікке отырғызып стадионға алып кетті. Ол жақта əнші футбол клубының 50 жылдығына арнап хит əнін фанаттармен бірге орындады.

Ерке мен Төреғали кеткен соң, концерт көруге келгендердің дені айналдырған жарты сағаттың ішінде тарап кетті. Дегенмен, сахнадан жүргізушілер жоғалып кеткен балалардың сахнаның артында екенін хабарлап жатты.

Фото: Қамбар Мұқаш

 

Фото: Қамбар Мұқаш
Фото: Қамбар Мұқаш
Фото: Қамбар Мұқашев
Фото: Қамбар Мұқаш
Фото: Қамбар Мұқаш
Фото: Қамбар Мұқаш
Фото: Қамбар Мұқаш
Фото: Қамбар Мұқаш
Фото: Қамбар Мұқаш
Фото: Қамбар Мұқаш
Фото: Қамбар Мұқаш
Фото: Қамбар Мұқаш

Асқар Ақтілеу, Қамбар Мұқаш, Aktobenews.kz

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *