бейсенбі , 24 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Қауын-қарбыз егіп аты шыққан ақтөбелік дихан ендігі уақытта асқабақ өсіріп көрмек (ФОТО)

Қауын-қарбыз егіп аты шыққан ақтөбелік дихан ендігі уақытта асқабақ өсіріп көрмек (ФОТО)

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылының тұрғыны Спартак Төремұраттың бақшасындағы өнім биыл жақсы шығып, осы күндері қауын-қарбызының саудасын қыздырып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Биыл дихан 150 тонна өнім алуды көздеп отыр.

IMG_7344

«750 мың теңге шығындандым. Әдетте, бірме-бір пайда көремін. Қарамағымда 30 жұмысшы бар. 15 жастағы балаларды да еңбекке баулып жүрмін. Әрине, ақшасын төлеп отырамын. Биыл күн райына байланысты қауын-қарбызды кеш ектік. Қыркүйек айының 20-ларына дейін жинап үлгеруім керек, — дейді Спартак Төремұрат.

Ойылдық дихан өнімді көршілес Қобда және Байғанин аудандарына өткізеді. Сонымен бірге, Атырау мен Маңғыстау облыстарынан камазбен келіп көтеріп кетеді екен. Спартак Төремұратов еккен қауын-қарбыз Ақтөбеде «Алтай» базарында сатылады. Бүгінде қарбыздың келісі 50 теңге.

IMG_7348
фото: Марат Төлепберген

«Ірі қарбызды сатамыз. Ал, күзде қалған кішкентай қарбыздарды мал азығы ретінде өткізгім келеді. Алайда, шаруалар келісін 10 теңгеден шөп сатып алғанды тәуір көреді. Қарбыздан малдың қалай семіретінін олай түсіне алмай келеді. Өз басым, майда қарбызды жинап, қыс бойы малға азық етемін. Қарамағымдағы жұмысшылар да солай етеді. Көктемде семіз малды сатып, ақша қыламыз, — дейді ол.

IMG_7361

Спартак Төремұраттың бау-бақшамен еккеніне биыл тоғыз жыл болыпты. Осы уақытқа дейін үкіметтен бір тиын көмек алмаған. Биыл жергілікті билік 60 гектар жерді диханның атына рәсімдек бермек. Болашақта дихан асқабақ өсіріп көрмек. Әзірге, сұраныс жағын зерттеп жатқан жайы бар. Өз кезегінде, осы ауданда іссапармен болған Бердібек Сапарбаев диханға көмек көрсетуді тапсырды.

IMG_7371

«Осы жылы Еуропа қайта құру және даму банкі суармалы жерді көбейтуге қыруар қаржы бөлгелі отыр. Ойыл ауданында 370 мың гектар алқап суармалы жер бар. Жұмыс істеймін деген шаруаға көмектесу керек», — деді облыс басшысы Ойыл ауданының шенділеріне.

IMG_7374
фото: Марат Төлепберген

IMG_7375

IMG_7382

IMG_7385

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *