бейсенбі , 24 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбе қаласының басшысы Ілияс Испанов триатлоннан жарысқа қатыспақ

Ақтөбе қаласының басшысы Ілияс Испанов триатлоннан жарысқа қатыспақ

kapital.kz

19 тамыз күні қала әкімі Ақтөбе су қоймасында 200 метрге жүзеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Жарысқа қатысуға әкімнің өзі тілек білдірді. Ол спортшы ғой. Әкім аптасына екі рет «Достық» бассейнінде жаттығады. Ол тіпті қашықтыққа жүгіре алады. Ақтөбе су қоймасына барып, тескеріп те көрдік», — дейді қалалық спорт бөлімің басшысы Евгений Гончаров.

Әкімдіктің командасы әлдеқашан құрылып қойған: қала әкімі Ілияс Испанов жүзеді, қалалық спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров велокезеңде сынға түседі, ал қала әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтың бөлімінің бас маманы Гүлзат Жұмағалиева жүгіреді.

Еске сала кетейік, 19 тамыз күні тұңғыш рет Ақтөбе қаласында командалық триатлоннан жарыс өтеді. Жарысқа кәмелет жасқа жеткен кез келген тұрғын қатыса алады.

Қамбар Мұқаш, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *