Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Әйеліне абайсызда пышақ сұққаны үшін сотталған ақтөбелік несие алып, жеке кәсібін ашқан

Әйеліне абайсызда пышақ сұққаны үшін сотталған ақтөбелік несие алып, жеке кәсібін ашқан

vashbiznesplan.ru

2015 жылы сотталған 34 жастағы ақтөбелік 5 жылға бас бостандығынан шектелген еді. Қазір ол «Пробация Үйі» жобасы арқылы мемлекеттік бағдарламаны пайдаланып, қой сатып алған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Жұмабек Ізғалиевтің айтуынша, Әйтеке би ауданында бұрын сотталған үш адам жеке кәсібін ашуға тілек білдірген. Оның біреу Айдос Досжанов (аты-жөні өзгертілген) «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасымен 83 200 теңге көлемінде несие алған. Сол ақшаға ол қой сатып алады.

Белгілі болғандай, 2013 жылы ол әйеліне абайсызда пышақ сұғып алған. Сол кезде аулада жүрген Айдос Досжанов әйелінен пышақ әкеліп беруін сұраған, алайда ол жауап бермей, келіп болмаған.

«Сонда Айдостың өзі үйге қарай беталады. Кіреберістегі ақшыл түсті мата жапқышын ашып, кіріп қалған кезде оң қолында пышағы бар әйелімен соқтығысып қалады. Пышақ әйелдің іш тұсына кіріп кетеді», — делінген іс материалында.

Әйелі тірі қалады. Ал 2015 жылы екеуі ажырасып кетеді, сол жылы әйелі Айдостың үстінен арыз түсіреді. 4 баласы бар.

Қазіргі таңда 34 жастағы ақтөбелік «Пробация Үйі» арқылы есепке алынған.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша «Пробация Үйі» бағдарламасын алғашқы болып ақтөбелік прокурорлар бастады. Осы жобаның аясында бұрын сотталған немесе есепте тұрған адамдар бір ғимараттың ішінде мемлекеттік органдардың өкілдерінен кеңес алып, көмекке жүгіне алды.

Қамбар Мұқаш, Aktobenews.kz

1 пікір

  1. Саябек

    83200 тенгеге неше қой сатып алған

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *