Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Қазақстандағы барлық облыс әкімдерінің орынбасарларына Ақтөбедегі пилоттық жобалар таныстырылды

Қазақстандағы барлық облыс әкімдерінің орынбасарларына Ақтөбедегі пилоттық жобалар таныстырылды

Қазақстандағы барлық облыс әкімдерінің орынбасарларына Ақтөбеде жүзеге асырыла бастаған пилоттық жобалар таныстырылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Вице-министр Асқар Мамин бастаған делегация құрамында еліміздегі барлық өңір басшыларының орынбасарлары да бар.

Оларға Ақтөбеде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы аясында салынып жатқан жобалардың құрылыстарымен танысты. Өз кезегінде, облыс басшыларының орынбасарларына Ақтөбедегі шенеуніктер соңғы жетістіктерді көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Вице-премьер Асқар Мамин бастаған делегация Ақтөбеге сапарының екінші күнінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан аз қабатты үйлердің құрылысын көрді. Айта кетейік, мұнда биыл және алдағы жылы 500-ден астам аз қабатты үй салынады. 3-4 қабатты 60 таунхаус та осында бой көтереді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде салымы бар кез келген тұрғын жаңа жоба аясында салынып жатқан ауданнан баспаналы бола алады.

Меймандар Қурайлы ауылында болып, су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан 70 үйдің құрылысын да көзбен көрді.

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *