бейсенбі , 24 тамыз 2017
Бастапқы бет / Әлем / Instagram жаңа қызмет түрін іске қоспақ

Instagram жаңа қызмет түрін іске қоспақ

AppleInsider.ru

Instagram жаңа қызмет түрін тестілеуден өткізіп жатқаны туралы мәлімдеді. Жаңа қызмет қонақты қосуға болатындай ортақ тікелей трансляция жасауға мүмкіндік береді, — деп хабарлайды Газета.ru.

«Тікелей эфирге шығу — достармен және жазылушылармен қарым-қатынас жасаудың қызықты форматы, алайда, бүкіл әлеммен бетпе-бет тұру адамды абдыратады. Жаңа қызмет қонақты өз трансляцияңызға қосуға мүмкіндік береді, ал көрермендер бұрынғысынша пікірлер мен лайктар қалдыра алады», — делінген ресми баспасөз баянында.

Әзірше бұл қызмет шектеулі ғана қолданушылардың пайдалануында. Ал бірнеше айдан кейін ол жалпылай қолжетімді болады.

Tengrinews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *