Бастапқы бет / Қазақстан / Б.Сапарбаев атмосферадағы ауаны ластаушы кәсіпорындарды бақылауды күшейтуді тапсырды

Б.Сапарбаев атмосферадағы ауаны ластаушы кәсіпорындарды бақылауды күшейтуді тапсырды

Экология мәселесі Ақтөбе облысы əкімінің үнемі қатаң бақылауында. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында өзекті мәселені шешу жолдары талқыланды.

Оған атмосферадағы ауаны негізгі ластаушы – бақылаушы ведомстволар, кәсіпорындар қатысты.

— Ақтөбеде 167 орта және ірі кәсіпорын жұмыс жасайды, ірілерінің бірқатары атмосферадағы ауаны ластайды. Аталмыш өзекті мәселені шешу шаралары қолданылуда, алайда, жеткіліксіз, сондықтан біз елеулі нәтижені көріп тұрғанымыз жоқ, — деп атап өтті облыс әкімі.

Облыстық экология департаментінің басшысы Жақсығали Иманқұлов аталмыш бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берді.
Сонымен, стационарлық көздердің қала бойынша атмосфераға лақтырған қалдықтарының көлемі жыл басынан бері 93,7 мың тоннаны құрады.

Атмосферадағы ауаның жоғары деңгейде ластануының себебі — облыс орталығында көміртек оксиді, органикалық емес шаң-тозаң, азот тотығы, күкірт диоксиді — 2 %, және т.б. секілді ластаушы заттардың болуы.

— Ластанатын ауаның жалпы көлемінің 93,5%-ы АЗФ, «Ақтөбе ТЭЦ» АҚ, «АЗХС», «АРБЗ» ЖШС, «Стройдеталь», «Батыс Даму Жол», «Ақтөбе мұнай өңдеу» және «Южпромснаб» сынды сегіз кәсіпорынға тиесілі. Өткен жылы «Қазгидромет» РМК бақылау желілерінің мәліметтері бойынша қаланың атмосфералық ауасы ластанудың жоғары деңгейін көрсетіп, осындай 6266 дерек анықталды. Біз қолайсыз метрологиялық жағдайдың 67-сін, 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында 30 жағдайды анықтадық, — деп мәлімдеді Иманқұлов.

Күкіртсутектің шектеулі рұқсат етілген концентрациясының жоғарылауы маңызды проблема болып қала береді.  Ведомствоның мәліметі бойынша қаладағы кәсіпорындардың құрамында мөлшері жоғары сульфат, азот қосылыстары, органикалық заттар бар тазаланбаған өндіріс суларын төгулеріне байланысты кәріз тазалау имараттарындағы ағынды суда күкірт сутегінің жоғары құрамы байқалады.
2016 жылы экология департаменті «Ақбұлақ» АҚ су тарту жүйесіне өндірістік ағынды суларды төккен, сонымен қатар, тазалау құралдарын пайдаланатын 67 кәсіпорынға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Шілде айының соңында тағы 20 кәсіпорын тексеріліп, нәтижесінде мамандар тазалау жүйелері тиісті дәрежеде пайдаланылмайды деген тұжырымға келді.
Осыған байланысты «Ақбұлақ» АҚ-на қаладағы барлық кәсіпорындардың төгетін өндірістік ағын суларын жүйелі қадағалау мен сараптауды жөнге қою ұсынылды.

Ақжар, Қызылжар, Қарғалы ауылдары мен ГМЗ, Мәскеу шағын аудандарындағы кәріз жүйесіне қосылмаған және қалаладағы үш ағызу нүктесіне құятын қолдан қазылған әжетқұдықты пайдаланатын 24 мың тұрғын үйдің де тигізер зияны жоқ емес. Осыған байланысты салынып жатқан кәріз бекеттерін қолданысқа бермес бұрын олардан келетін шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды сумен араластыру, ал жергілікті полиция қызметіне, «Ақбұлақ» АҚ-на олардың рұқсат етілмеген қалдықтарды кәріз жүйесіне төгуін бақылау  ұсынылған болатын.

Өз кезегінде, коммуналдық кәсіпорындар 10 канализациялық сорғыш бекетті иісті бейтараптандыру жүйесімен жарақтандыруды, сонымен қатар, лай алаңдар мен кәріз тазалау имараттарының бірінші тұндырғышын «ылғалды бөгет» жүйесімен жабдықтауды жоспарлауда. Жоспарланған технологияның негізгі артықшылығы иісті жоюы болып табылады.

Маңызды мәселені кәріз тазалау имараттарының лай карталарын, жағымсыз иістің көзі болып табылатын спирт өндірісінің қалдықтары орналасқан алқаптарды жою есебінен де шешу ұсынылуда.
Бұған қоса, белгілі бір нәтижеге де қол жеткізілді. Мәселен, 2016 жылдың қорытындысы бойынша 49 кәсіпорында ағын суларды тазалау құрылғысы қондырылды. 2017 жылдың мамыр айында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында батыс қазақстан өңірлері бойынша қалдықты кәдеге жарататын жалғыз кәсіпорын —  қоқыс өңдеу кешені өз жұмысын бастап, пластикті, полиэтиленді, қатты қағаз бен әйнекті сұрыптауда. Екі жылдың ішінде 9 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар сұрыптауға қабылданып, 2 мың тонна ескі-құсқы фракциялар шығарылды. Желінің өнімділігі бір ауысымда шамамен 100 мың тоннаны құрайды. Толық қуаттылыққа шыққан соң жылына 200 мың тоннаға дейін қалдық сұрыпталмақ.

Қаланың айналасында жасыл белдеу құру шаралары қолға алынуда, жасыл желектердің жалпы алаңы шамамен 43 000 гектарды, гүлзарлар алаңы 41,9  мыңнан астам шаршы метрді, көгалдар  136,7 шаршы метрді құрайды. Богослов тас жолы ауданындағы 1029,3 гектар алаңға орман қорғау алқабы салынды, 450 мыңнан аса екпе көшет, қылқанжапырақты тұқымдастар отырғызылып,  «Эко Парк» ЖШС-мен 1 100 000 екпе көшет отырғызу келісімшартына қол қойылды.

Жиын соңында Бердібек Сапарбаев бақылаушы ведомстволар басшыларына үнемі қадағаламайтындарын тигізіп айтты.

— Атмосфералық ауаның жағдайы, экологиялық нормаларды сақтау өзімізге байланысты. Бірігіп күш жұмсағанда ғана жөнге келтіреміз. Біздің бастаған барлық іс-шараларымыз тиімді болып, мерзімінде аяқталуы тиіс. Жағдай айыппұлмен жөнге келмейді, түбегейлі шаралар қабылдау қажет, үнемі қатаң бақылау болуы керек. Берілген  тапсырманың  кешенді шешімі бұл мәселені шешіп, халықтың өмір сүруіне неғұрлым қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді, -деп сөзін түйіндеді облыс әкімі.

1 пікір

  1. Ақылбек

    Атмосферадағы ауаны ластау деген тіркес дұрыс емес секілді

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *