бейсенбі , 24 тамыз 2017
Бастапқы бет / Әлем / Өзбекстан халқының саны 32 миллион адамнан асты

Өзбекстан халқының саны 32 миллион адамнан асты

Ташкент көшесіне шыққан халық (Көрнекі сурет).

Өзбекстан халқының саны 1 шілдеге дейінгі есеп бойынша 32 миллион 345 мың адамға жетті. Gazeta.uz басылымының Өзбекстан мемлекеттік статистика комитетінің ақпараттық қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, халық саны 2016 жылдың соңынан бері 224 мың адамға (0,7 пайыз) артқан. Қала халқы 16 миллион 353 мың (50,6 пайыз), ауыл халқы 15,9 миллион (49,4 пайыз) адам болған, — деп мәлімдейді Азаттық

2017 жылдың алғашқы алты айында 311,9 мың бала дүниеге келген. 2016 жылдың алғашқы алты айында туған бала саны бұдан алты мыңға аз.

Қаңтар-маусым айларында 78,8 мың адам қайтыс болып, 2016 жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда 4900 адамға артқан.

Қаңтар-маусым айларында Өзбекстанда 96,3 мың неке, 15,6 мың ажырасу тіркелген. Елде мың адамға шаққанда алты неке, бір ажырасудан келеді. 2016 жылдың қаңтар-маусым айларында мың адамға 5,9 неке, 0,9 ажырасу тіркелген еді.

Алғашқы жарты жылда Өзбекстанға қоныстанғандар саны 82,5 мың, елден кеткенден саны 91 мың адамды құраған.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *