бейсенбі , 24 тамыз 2017
Бастапқы бет / Әлем / АҚШ азаматтарының Солтүстік Кореяға баруына тыйым салынды

АҚШ азаматтарының Солтүстік Кореяға баруына тыйым салынды

АҚШ өз азаматтарына Солтүстік Коеряға баруға тыйым салды. АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, тыйым 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Солтүстік Корея территориясында жүрген барлық америкалықтар осы күнге дейін бұл елден кетуі тиіс, деп жазады «Азаттық».

АҚШ билігі мұндай шешім Солтүстік Кореяға барған америкалық туристерге «ұзақ мерзімдік қамауға алыну» қаупі туындағандықтан қабылданды дейді. Журналистер мен гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлері үшін бұл тыйымның күші жүрмеуі мүмкін.

Мемлекеттік департамент америкалықтардың Солтүстік Кореяға баруына тыйымды Пхеньян АҚШ территориясына дейін жететін екі баллистикалық зымыран сынауынан Корей түбегіндегі шиеленіс күшейген тұста салып отыр.

Қазір Солтүсік Кореяда түрмеде үш америкалық — екі ғалым ен бір дін қызметкері қамауда отыр. Солтүстік Кореяда қолдан таңылған айыптармен 15 жыл мәжбүрлі жұмысқа жегілу жазасы кесілген америкалық студент Отто Уормбьер комға түсіп, маусымның басында АҚШ-қа қайтарылған соң бірнеше күннен кейін ауруханада қайтыс болған. Студенттің комаға не себепті түскені әзірге белгісіз.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *