бейсенбі , 24 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбенің бас полицейі қызметінен кетті

Ақтөбенің бас полицейі қызметінен кетті

youtube.com
Облыстық мəслихаттың кезектен тыс отырысында ІІД  жергілікті полиция қызметінің басшысы Қанат Əлиевтің қызметтен кетуін талқыға салды. Қанат Əлиев облыс əкіміне қызметінен босатуды сұрап, өтініш жазған. Мəслихат шешімімен Əлиев Қанат Советұлы лауазымынан босады.
Ақтөбеге жаңа жергілікті полиция басшысы тағайындалды.  2012 жылдан Ақтөбе облыстық ІІД басшысының орынбасары болып келген Жақсығалиев Қаныбек Сисенғалиұлы алдағы уақытта жергілікті полицияны басқаратын болады. Құқық қорғау саласындағы еңбегін учаскелік полиция инспекторы болып бастаған Жақсығалиев салада 20 жыл жұмыс жасаған.
Жаңа басшы депутаттардың алдында  тың жобалармен жұмысын бастауға уəде берді.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *