бейсенбі , 24 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеде ХІХ ғасырда ұстаздық, қазылық қызмет атқарған молдалардың өмірі зерттеледі

Ақтөбеде ХІХ ғасырда ұстаздық, қазылық қызмет атқарған молдалардың өмірі зерттеледі

Қазақстандықтар рухани жаңғыруды ел тарихын танудан бастады. Рухани құндылықтарға көңіл бөлініп, ел бірлігі үшін жұмыс жасаған қайраткерлердің өмірімен танысуға көңіл бөлініп жатыр. Осы негізде Ақтөбе облысында «Аманат» экспедициялық зерттеу тобы құрылды. Олардың міндеті — ХІХ-ХХ ғасырдың басында өмір сүрген діни қайраткерлердің өмірін зерттеу.

«Экспедиция Ақтөбе облысының Қобда ауданынан басталады. Сарытоғайдағы мешітке барамыз. Ол жерде ХІХ ғасырда діни білім берген адамдар туралы ақпараттар жиналады. Ертеде молдалар тек құран оқымаған, діни білім берумен, балаларды емдеумен де айналысқан. Ол кезде молда оқытушы ұстаз ретінде танылған. Қазылық айтқан, адамдардың әлеуметтік жағдайының шешілуіне ат салысқан. Елбасының рухани жаңғыруда адам өзінің шыққан тегін білу керектігі айтылады. Қазір сол мақсатта жұмыстар жасалынып жатыр», — дейді тарихшы Серік Әбілжанов.

Экспедиция мүшелері зират бастарына баруды жоспарлап отыр. Алғашқы саяхат Қобда мен Алға аудандарынан басталады.

«Біз жаһандану заманында жұтылып кетпеуіміз керек. Ата-бабамыздың кім болғанын зерттеуге тиіспіз. Біз өңірде рухани жаңғыру бағдарламасы арқылы тарихи орындарды зерттеп, туризмді де қатар дамытуымыз керек», — дейді тарихшы

Жолға шыққан зерттеу тобы Ақтөбе облысында 100 жыл, 150 жыл бұрын салынған мешіттер тарихын зерттейтін болады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *