бейсенбі , 17 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Облыстық «Актюбинский вестник» газеті 99 жаста

Облыстық «Актюбинский вестник» газеті 99 жаста

Облыстық қоғамдық-саяси «Актюбинский вестник» басылымы бүгін 99 жасқа толып отыр. Ғасырға жуық уақытта аймақ жаңалықтарын облыс тұрғындарына үздіксіз жеткізіп отырған аға газеттің ұжымын бүгінгі мерекелерімен Aktobenews.kz сайтының ұжымы да құттықтайды.

Өңір тұрғындарын соңғы ақпараттармен сусындатып, салиқалы ой тастап, салмақты дүниелер жариялап келе жатқан «Актюбинский вестник» газетінің ақпарат айдынында алар орны ерекше.

Айтарларыңыз таусылмасын, жазар көп болсын, жағымды жаңалықтар легі толастамасын, «Актюбинский вестник» газетінің ұжымы!

Газеттің ғасырлық тойын да сән-салтанатымен тойлап, жаңашылдыққа толы, заманауи, сүйікті басылымға айнала беріңіздер!

Aktobenews.kz ұжымы

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *