Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Астанада өтетін Димаштың жеке концертіне Алла Пугачеваның қызы келе жатыр

Астанада өтетін Димаштың жеке концертіне Алла Пугачеваның қызы келе жатыр

tn.kz

Танымал Ресей әншісі мен актрисасы Кристина Орбакайте, сонымен қатар, «Евровидения-2012» байқауының жеңімпазы Лорин қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің концертінде өнер көрсетеді.

Димаш өзінің Instagram желісіндегі парақшасында 27 маусымда «Астана Арена» стадионында өтетін Bastau live show концертінің афишасын жариялады.

«Менің #Bastau-ымның құрметті қонақтары! 27 маусым Сіздермен кездесуге асықпын! Билеттер Астанадағы барлық кассаларда!», — деп жазған ол.

Бұдан бұрын Димаш «Славянский базар» конкурсында «Опять метель» әнін орындаған болатын. Осы шығарманы бұдан бұрын Кристина Орбакайте мен оның анасы – Ресей эстрадасының примадонасы Алла Пугачева орындаған.

Сондай-ақ, концертте қазақстандық опера әншісі Майра Мұхамедқызы, қытайлық орындаушы Терри Лин және британ әншісі Софи Эллис-Бекстор өнер көрсетеді.

nur.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *