сенбі , 22 шілде 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеде орталық мешітке тарауыққа келгендерге тегін такси қызмет көрсетеді

Ақтөбеде орталық мешітке тарауыққа келгендерге тегін такси қызмет көрсетеді

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті рамазан айында сауапты істер жасауды жалғастырды. Қараңғы түсе оқылатын тарауық намазынан кейін қоғамдық көлік тоқтап қалады.  Мешіт қызметкерлері тарауихқа келген жамағатты тегін тасу үшін қызмет көрсетуге дайын, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мешітке тарауыққа келуші жамағатқа енді такси тоқтатып тұрудың қажеті жоқ. «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде игі бастама қолға алынды. Енді тарауық намазына келушілерге тегін такси қызмет көрсетеді. Ерікті жастар жеке көліктерін жұмылдырып, тарауықтан шыққан жамағатты үйді-үйіне тегін апаруда», — деп хабарлайды Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі.

Мешіт жанындағы «тегін такси» қызметі тарауих намазы аяқталғанша жалғасады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *