Бастапқы бет / Қазақстан / Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияға ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысқаны үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияға ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысқаны үшін алғыс айтты

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның федералды сыртқы істер кеңесшісі (министрі) Дидье Буркхальтермен кездесті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
К. Тоқаев «жасыл» экономика және баламалы энергетика саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі Швейцарияға «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
Сенат спикері Қазақстанның Швейцарияны Еуропадағы маңызды әрі сенімді серіктесі деп есептейтінін атап өтті. Екіжақты ынтымақтастық белсенді саяси диалог, ауқымды сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстарды қамтиды.
Кездесу барысында екіжақты байланыстар мен ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясын қосқанда, халықаралық ұйымдар аясында маңызды рөл атқаратын парламентаралық диалогты нығайтудың келешегі қаралды.
Сонымен бірге, К. Тоқаев пен Швейцария сыртқы саяси мекемесінің басшысы ЕҚЫҰ жауапкершілік аймағындағы ұзаққа созылған шиеленістерге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

inform.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *