сенбі , 24 маусым 2017
Бастапқы бет / Әлем / Лондонда мешіт маңында болған оқиғадан сегіз адам ауруханаға жеткізілді

Лондонда мешіт маңында болған оқиғадан сегіз адам ауруханаға жеткізілді

Лондондағы мешіт маңында болған оқиғадан сегіз адам ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Рейтер агенттігі полицияның хабарламасына сілтеме жасай отырып.
© Twitter
«Сегіз адам ауруханаға жеткізілді. Екі адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді», — деп хабарлайды агенттік полиция өкілдеріне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, болған оқиғадан бір адамның қаза болғаны айтылады.
Еске сала кетейік, осыған дейін Лондонда фургонның мешіттен шығып келе жатқан адамдарды қағып кеткені жайлы хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы жергілікті уақыт бойынша түн ортасында Севен Систерс көшесінде болған. Көлік жолдан шығып кетіп, мешіттен шығып келе жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *