бейсенбі , 24 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеде ажырасқан ерлі-зайыптылар балаларын бөлісе алмай сотқа жүгінді

Ақтөбеде ажырасқан ерлі-зайыптылар балаларын бөлісе алмай сотқа жүгінді

Отбасылық қарым-қатынастарын үзген ерлі зайыптылар араларындағы балаларын бөлісе алмай сотқа жүгінді.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотына арызды баланың әкесі түсірген. Ол соттан 10 жастағы баласының кіммен тұратынын анықтап беруді талап еткен.

Сот отырысы кезінде екі тарап медиация тәртібімен келісім жасауды сұраған. Анасы 10 жасар баласын әкесімен бірге қалдыруға қарсылық танытпаған. Бала да соттан әкесімен қалдыруды сұраған.

Сот әкесіне баланы анасымен кездестіріп тұруды міндеттеді.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *