сенбі , 24 маусым 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Сапарбаев су тасқынынан зардап шеккен Махамбет пен ВОХР ауылдарын көшіру мәселесі қарала бастағанын жеткізді

Сапарбаев су тасқынынан зардап шеккен Махамбет пен ВОХР ауылдарын көшіру мәселесі қарала бастағанын жеткізді

Ақтөбе әкімдігінде су тасқынынан зардап шеккен, қала іргесіндегі Махамбет пен ВОХР ауылдарының тұрғындарын басқа мекенге көшіру мәселесі қарала бастады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Сонымен бірге, «Строитель-1» және «УВД-4» бау-бақша ұжымдарын да көшіру жағы қарастырылуда.

«Алғашқы аталған Махамбет және ВОХР ауылдары Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (АЗФ) мен жылу-электр орталығына (ТЭЦ) қауіпті жақындықта орналасқан. Соның нәтижесінде адамдар санитарлық талапқа сай келмейтін, арнайы қорғаныстағы аймақта тұрып жатыр», — деп хабарлайды мамандар.

Өз кезегінде, облыс басшысы Бердібек Сапарбаев бұл жобаның ауқымды шығынды талап ететінін айтады. Дегенмен, жергілікті билік оны кезең-кезеңімен шешуді ойластырып отыр.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *