Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбе облысының орманшылары жасыл желек қорының қурап бара жатқанын айтады

Ақтөбе облысының орманшылары жасыл желек қорының қурап бара жатқанын айтады

Бүгінде жол жиегіндегі қарағаштардың қурағаны сол, даланың көркін кетіріп тұр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Өңірдегі 7 орман шаруашылығының 12 мың гектар алқабында талдар қураған. «Ақтөбе ақпарат» орталығында есеп берген облыстық табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалауды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Аққұлдың айтуынша, алдағы бес жылда қураған ағаштарды кесіп, орнына жас көшеттер егіледі.

Осы жылдың өзінде 430 гектарға 460 мыңнан астам түп көшет отырғызылған. Оның жартысынан астамы өсіп шығады деген болжам бар. Қурап қалған талдың орнына келесі жылы жаңа көшет отырғызылмақ.

Ілияс Нұрғали, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *