сенбі , 24 маусым 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Бас полицей елімізде 10 мың әйел мен 300 баланың ішімдікке салынғанын айтады

Бас полицей елімізде 10 мың әйел мен 300 баланың ішімдікке салынғанын айтады

zavisimost03.ru

Бүгін ІІМ Қалмұханбет Қасымов онлай конференция өткізді. Барлық облыс халқымен бір мезетте кездескен министр тұрғындар сауалдарына жауап берді. Министр қазіргі жағдайдың әлдеқайда жақсарғанына тоқталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Жергілікті және учаскелік полиция қызметкерлерінің тұрақты түрде халыққа есеп беріп отырғанын атап кетті.

«Қазір барлығы бақылауда. БАҚ өкілдерімен де, халықпен де ашық түрде жұмыс жасап жатырмыз. Біз тіркелген заң бұзушылықтарды қоғамнан жасырмаймыз. Өткен жылы қылмыстарға жол берген 980 полиция қызметкері жұмыстан шығарылды», — дейді ІІМ Қалмұханбет Қасымов.

Қасымов тұрғындардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуге тұрмайтындығын мәселе қылып көтерді.

«Тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелмегендер көп. 2016 жылы полиция қызметкерлерімен тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуге алынбаған бір миллионнан аса тұрғын анықталды. Ал, биыл 5 айдың ішінде 1 700 000 адамның тұрғылықты мекенжайында тіркелмегені анықталды. Бұл туралы білім басқармасы да, денсаулық сақтау басқармасы да, жергілікті әкімдіктер де білмеген. Сондықтан біз бұл жұмыстарды жалғастыратын боламыз» , — деді министр.

Ішкі істер минстрі тұрмыстық түсініспеушіліктердің соңы қылмысқа әкеліп жатқанына тоқталды. Өткен жылы елімізде тұрмыстық жағдайдағы 103 қылмыс тіркелген.  Сонымен қатар, министр тіркелген қылмыстардың дені ішімдік ішкен күйінде жасалатынын айтты. Елімізде әрбір жетінші қылмысты ішімдік ішкен адам жасайды.  Өткен жылы 193 адам ішімдік ішкен күйінде ұсталған.

«Тұрмыстық жанжалдардың барлығы ішімдікке байланысты туындайды. Қазіргі уақытта 71 мың ішімдікке салынған тұрғын полиция бақылауында. Оның 10 мыңға жуығы әйел адамдар болса, 300-і жасөспірімдер», — деді Қалмұханбет Қасымов.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *