сенбі , 24 маусым 2017
Бастапқы бет / Басты жаңалықтар / Димаш Құдайберген Қытайдың музыкалық жүлдесінің жеңімпазы атанды

Димаш Құдайберген Қытайдың музыкалық жүлдесінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың «2017 MTV Global Chinese Music Awards» шарасының «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шараның ресми веб-сайтында дауыс беру 22 мамырдан 10 маусым күндері аралығында болып, жеңімпаздар есімі 13 маусым күні жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Димаш бұл шараның «Ең үздік шетелдік танымал әнші» және «Ең танымал жаңа әнші» номинацияларына ұсынылған болатын. Екі номинация бойынша Димаш 8 қытайлық танымал эстрада әншісімен бәсекелес болды.
Айта кетейік, «2017 MTV Global Chinese Music Awards» Марапаттау кеші 2 шілде күні Шэньчжэнь қаласында өтеді. Ол қытайдағы ең ауқымды музыкалық шара болып саналады. Шара барысында 19 жеңімпаз марапатталатын болады. 2016 жылы Корея әншісі Чон Джихун (Rain) бұл шараның «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясында жеңіске жеткен болатын.
Еске сала кетейік, Димаш Қытайдың «Singer 2017» ән байқауынан кейін, Қытайда «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» және «Жылдың ең танымал әншісі» жүлделерін жеңіп алды. 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *