Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеде анасын қызметтік көлігімен тасыған шенеунік тәртіптік кеңеске келді

Ақтөбеде анасын қызметтік көлігімен тасыған шенеунік тәртіптік кеңеске келді

Ақтөбе қаласының әкімдігінде аппарат басшысы қызметінде жасайтын  Жұман Зиненің әрекеті тәртіптік кеңесте қаралды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Шенді қызметтік көлігін жеке мақсаттарда пайдаланған.

Stan.kz

Жұман Зине жұмыстан қайтар жолда қонақта отырған мамасын қызметтік көлігіне мінгізген. Мемлекеттік көлікті басқа мақсатқа пайдаланған аппарат басшысының басы дауға қалды. Шендінің орынсыз әрекетін байқаған мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары қызметкерден түсініктеме алды.

Кеше тәртіптік кеңеске шақырылған  Жұман Зинеге әдеп кеңесінің мүшелері қатаң сөгіс жарияланды.

28 жасында әкімшілікте әкімнің орынбасарынан бастап, әртүрлі лауазымды қызмет атқарып жүрген шендінің тәртібіне қатысты әдеп кеңесінің басшысы Қайыржан Тоқышев сын айтты.

Тәртіптік кеңесте мемлекеттік қызметкерге осыған дейін де ескерту  жасалғаны белгілі болды.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *