жұма , 23 маусым 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеде жат ағым өкілі ауырып жатқан баласына қан салдырмаған

Ақтөбеде жат ағым өкілі ауырып жатқан баласына қан салдырмаған

livealong.ru

Ақтөбе облыстық дін істер басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбатовтың мәліметінше, өңірде 90-ға жуық діни бірлестік бар. Шенеунік жат ағымды тек ислам дінінен іздемеу керектігін айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Облыс аумағында 800 мың халық тұрады. Олардың ішінде 15 мың халық мешіт пен шіркеуге барып, тұрақты діни рәсімдерді орындайды. Облыс аумағында 66 мешітке  тұрақты баратын  12 мың халық бар. Ақтөбеде 90 діни бірлестік жұмыс жасайды. Дін әр адамның сенімінен құралады. Сенімді жоққа шығаруға болмайды. Терроризм ғаламдық құбылыс. Әлемде: «Мен терроризмнен тазамын, адамын» деп отырған мемлекет жоқ . Теракт тек Ақтөбеде болып жатыр деп айту да жаңсақ пікір»,  — дейді Ақтөбе облыстық дін істер басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбатов.

Басқарма басшысы христиан дінін ұстанушылар арасында да жат ағым өкілдерінің барын растады.

«Жат діни ағым деген кезде тек исламның жат бағытын айтпауымыз керек. Теріс ағым барлық дінде бар. Мәселен, христиан дінінің арасында да теріс ағым өкілдері бар. Ауырып жатқан баласына қан беруге болмайды дейтін христиандық бағытты ұстанатындар бар. Біздің басқарма осы барлық діннен көмек сұрап келгендерге қолдау білдіреді. Анасының христиандық бағытта басқа ағымға өтіп кеткенін айтып келген қыздар болды. Әжесінің үйін таныс емес басқа адамдарға мирас қылып кеткен оқиғасы болды. Оларға тиісінше нақты жәрдемдер берілді», — дейді Жолдас Қалмағанбетов.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *