дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Димаштың Ақтөбеге келе жатқан Қытайдағы жанкүйерлері үшін туристік маршруттар әзірленуде

Димаштың Ақтөбеге келе жатқан Қытайдағы жанкүйерлері үшін туристік маршруттар әзірленуде

Димаштың туған өлкесін, оқыған жерін, тіпті үйін көру үшін Ақтөбеге 2 мыңнан астам қытай келеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, екі аптадан соң Астанада Димаштың «Бастау» атты шығармашылық кеші өткізілмек. Концерттен бөлек, Қытайдағы жанкүйерлері әншінің туған жері, тұрғылықты үйі, отбасымен танысқылары келеді.

«Жалпы алғанда, 2 мыңнан астам жанкүйер Ақтөбе өңіріне келеді деп күтілуде. Оларға көрікті жерлерді  көрсету үшін туристік маршруттар әзірлеп жатырмыз», — дейді басқарма басшысы Ермек Кенжеханұлы.

Нұрғали Ілияс, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *