бейсенбі , 24 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбенің іскер әйелдері екі түлекке тегін білім алуға жолдама берді

Ақтөбенің іскер әйелдері екі түлекке тегін білім алуға жолдама берді

Ақтөбелік іскер әйелдері клубы Ойыл ауданында білім, кәсіпкерлік, медицина, мәдениет салалары бойынша кездесулер өткізіп, ауыл тұрғындарына шеберлік сабақтарын да ұйымдастырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«ЭКСПО көрмесін қолдау мақсатында ұйымдастырылып отырған шараның Ойыл өңірінен басталуы бекер емес. Ойыл өңірі тарихи мекен. Ұлы Жібек жолы керуені осы жермен өткен. Биыл керуеннің 150 жылдығы мен Ақтөбе облысының 85 жылдығы қатар келіп отыр», — деді  іскер әйелдер клубының мүшесі Айнұр Бақтығалиева.

Ауданға іскер әйелдер клубының мүшелерімен қоса бірнеше мамандар ере барған. Олардың қатарында орта оқу орындарынан өкілдері де бар.  Олар 10-11 сынып оқушыларына мамандық таңдай білу жөнінде кеңестер берді.

Ойыл ауданына сапар барысында екі түлекке Ақтөбе техникалық колледжі мен Ақтөбе мұнай және газ колледжіне 2 тегін оқу сертификаттары табыс етілді. Іскер әйелдер клубы атынан ЭКСПО-2017 көрмесіне 10 адамға билеттер ұсынылды.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *