дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / 20 жыл бұрынғы хит әнін орындаған Светлана Айтбаева жиналғандарды елжіретіп жіберді (ФОТО)

20 жыл бұрынғы хит әнін орындаған Светлана Айтбаева жиналғандарды елжіретіп жіберді (ФОТО)

Светлана Айтбаева Темір ауданының Ақтөбедегі күндерінде басты кейіпкерге айналды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Сәңкібай батыр даңғылында өткен көше мерекесінде оны Бердібек Сапарбаев қалың көпшіліктің арасынан шақырып алып, ілтипатын білдірді.

Ал кешқұрым тұңғыш президент саябағында өткен гала-концертте әнші 20 жыл бұрынғы хит әнін орындап, жиналған жұрттың жүрегін елжіретті. Светлана Айтбаева екі мыңыншы жылдары көптің көңілінен шыққан «Келмедің» әнін шырқады.

Сахнадан шыға бере оны қаумалаған жұрт бір сағаттан көп әуреледі. Әсіресе, кішкентай балалар «Димаштың мамасымен селфи жасаймыз» деп әншіні қоршап алды.

Светлана ақтөбеліктерге мерекелік көңіл күй сыйлаған жерлестері — Темір ауданының жұртшылығын, осынау шараға мұрындық болған облыс басшысына алғысын білдірді. Сонымен бірге, ауданның Ақтөбедегі күндеріне орай ұйымдастырылған көрме атаулыны түгел аралап шықты. Концерттің соңына дейін ауылдастарының жанында болды.

Aktobenews.kz тілшісіне ол бүгінде Астанада Димаштың «Бастау» концертіне дайындалып жатқанын жеткізді. Одан бөлек шет мемлекеттерге гастрольдік сапарлар барын айтты.

«Амандық болса, Димаш Астанадағы концертінен кейін Ақтөбеге келемін деп отыр», — деді ол.

фото: Асқар Ақтілеу

фото: Асқар Ақтілеу

 

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *