дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Елімізде ипотека неліктен 15 пайыздық алғашқы жарнамен берілмейді?

Елімізде ипотека неліктен 15 пайыздық алғашқы жарнамен берілмейді?

Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотекасының елімізде неліктен 15 пайыздық алғашқы жарнамен берілмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол бастапқыда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотекаларының алғашқы жарнасы 50 пайыз болғанын, бірақ кейін «Бәйтерек» холдингі мен ТҮҚЖБ осы соманы талқылағаннан кейін 30 пайызға төмендету туралы шешім қабылдағанын еске салды.
«Енді азаматтардан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен жеңіддігі бар кредит алу үшін алғашқы жарнаны 15 пайызға дейін түсіру туралы сұрақтар түсіп жатыр. 15 пайыз қылуға болады, бірақ мұнда ай сайынғы төлем сомасы айтарлықтай өсіп кетеді. Банк салымшылары мұндай қысымға шыдай алмайды. Осыған байланысты 30 пайыз көрсеткішін сақтап отырмыз. Бұл дұрыс цифр деп есептейміз, әділ. Ол Қазақстандағы орташа жалақыдан шығып отыр», — деді министр халыққа есеп беру кездесуінде.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *