жұма , 23 маусым 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеде сот қызметкерлері жемқорлықпен күреске ардагерлерді тартып жатыр

Ақтөбеде сот қызметкерлері жемқорлықпен күреске ардагерлерді тартып жатыр

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ардагерлермен бірлесіп, жемқорлықпен күреспек, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Өткен апта соңында ауданаралық сот  қызметкері «Ардагерлер ұйымы» ҚҰ Ақтөбе облыстық филиалының өкілдерімен кездесу өткізді. «Ардагерлер ұйымы» қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» және Ақтөбе облысының соттар әкімшісінің «Call-center» тақырыбында түсіндірме өткізді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әр адамның міндеті. Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекетіміз бен демократиямызға нұқсан келтіретіні сөзсіз. Сондықтан, кез-келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдағы төзбеушілікті қалыптастыру үшін алдағы уақытта жүйелі жағдайлар жасау қажет», — дейді бас маман А.Коханова.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *