дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Жолсеріктердің қызметіне көңіліңіз толмаса, 105 нөміріне шағымдана аласыз

Жолсеріктердің қызметіне көңіліңіз толмаса, 105 нөміріне шағымдана аласыз

today.kz

Осыған дейін тек анықтама мен пойыз кестесі туралы ақпарат беретін 105 қызметіне енді халықтың арыз-шағымын қабылдау да міндеттелді. Алдағы уақытта теміржол жолаушылары 105 нөміріне хабарласып, өз шағымдарын түсіре алады. Теміржол қызметінің сапасын жақсартуды көздеген мамандар халықпен байланысты күшейтпек, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Батыс аймағы бойынша жолаушылар тарапынан шағымдар болады. Қыста вагондардың суығына наразы адам табылса, жазда ыстық дейтіндер көп. Ұсыныстар да жиі айтылып жатады. Біз олардың әрқайсысын жеке қарап, тұрғындардың ұсынысын жерде қалдырмауға тырысамыз. 105 нөміріне қоңырау шалып, аты-жөніңіз бен өзіңіз келген пойыздың нөмірін, вагонын айту шарт. Жолсеріктің дөрекілігі немесе жолаушылардың құқығы бұзылған жағдай кезінде де жолаушылар 105 нөміріне жүгіне алады. Арнайы жолаушылар шағымы үшін оператор қызмет етеді», — дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» аймақтық филиалы директорының орынбасары Василий Подлисовский.

Мамандандар әр шағым бойынша нақты әрі жедел шаралар қолданылатынына сендіреді.  Мәселен, жолаушыларды билетсіз мінгізген және дөрекі сөйлеген жолсерік жұмыстан босатылуы мүмкін.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» аймақтық филиалында 1560 жолсерік бар. Оның 478-і ақтөбелік. Жыл басынан бері батыс аймақтары бойынша жолсеріктердің жұмысына қатысты 8 шағым түскен. Олардың жартысына сөгіс жарияланса, төртеуі жұмысынан босатылған.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *