дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Микрофонға таласатын ақтөбеліктерді Сапарбаев өзіне қалай баурап алды?

Микрофонға таласатын ақтөбеліктерді Сапарбаев өзіне қалай баурап алды?

Ақтөбенің аудандарында жағдай жақсарған. Бүгінде жол, су, жарық сұрап жүрген халық жоқ. Облыс әкімін көргенде бұрыңғыдай ешкім микрофонға таласпайды. Әкімге жұмыссыз отырған баласын айтатын жеке сұрақтар да азайған. Елді-мекендерді жылына бірнеше рет аралайтын облыс әкімі мен халық арасында тығыз байланыс бар. Тұрғындар аудандағы мәдениет үйінде ауылды аралап жүрген облыс әкімін күтіп отырады.  Кездесуден кейін тұрғындардың жеке сұрақтарымен кідірген облыс әкімінің шығуын күтіп, ауыл халқы есік алдынан қол бұлғап қалады. Халықта билікке деген сенім бар. Оны ауылдағы әрбір тұрғынның облыс әкіміне деген тілегінен аңғару қиын емес.

Ақтөбенің басты проблемасы — жол. Ол қазір облыс ортағында ғана емес, барлық елді-мекендерде жасалып жатыр. Әкім әлеуметтік жағдайды басты мәселе қылып көтерді. Облыста екі жыл ішінде медициналық бөлімшесі жоқ елді-мекен болмайды. Үш ауысымды және апаттық жағдайдағы мектеп мәселесі де шешіледі. Ең бастысы қарапайым халық әкіммен  тілдесе алады.

Қазір халық салауатты өмір салтын жақсартуға қатысты сұрақтар қоя бастады. Ауыл тұрғындары қазір облыс әкімінен салқын кездері де балалар жаттыға алатын спорт кешендерін сұрайды.  Тұрғындар ауылда дене шынықтыру және оңалту орталықтарының салынғанын қалайды.

«Өкінішке орай, ондай комплекс бізде тек төрт-ақ ауданда бар. Биыл осы жұмыстарды бастауымыз керек. Екі жылдың ішінде барлық аудан орталықтарына дене шынықтыру және оңалту орталықтары салынады. Онсыз болмайды.  Ауыл балаларының да қыс мезгілінде спортпен айналысатын ғимараттары болу керек», — деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *