сенбі , 24 маусым 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / «Мен қазақпын» мега жобасы аясында ұлттық өнер көрмесі өтті

«Мен қазақпын» мега жобасы аясында ұлттық өнер көрмесі өтті

«Мен  қазақпын» халықаралық мега жобасының аясында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда ұлттық бұйымдардың көрме-жәрмеңкесі өтті. Құмай тазыға дейін осы ұлттық көрмеден табылды.

Қыз жасауы, зергерлік бұйымдар, ағаштан жасалған қолөнердің түрлері көздің жауын алды. Жиналған көпшілік көрмені тамашалап қана қоймай, бұйымдарды сатып алды.

Ең әдемі күміс алқалар 40-50 мың теңгеден бастап сатылды. Танымал зергер Болат Атыраубаевтың табиғи тастардан жасалған моншақтарының алды 7 мың теңгеге бағаланды. Бұл көрме-жәрмеңкеден кейін бұйымдар Астанадла өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде қалың жұрттың назарына ұсынылады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *