дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / «Мен қазақпын» мега жобасын ұйымдастырушылар А.Жұбанов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

«Мен қазақпын» мега жобасын ұйымдастырушылар А.Жұбанов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Қазақ музыкасын зерттеуші, ғалым Ахмет Жұбановтың есімі Ақтөбемен қатар айтылады. «Мен қазақпын» мега жобасын ұйымдастырушылар, «Қазақстан» ұлттық арнасының түсірілім тобы, жоба қатысушылары әйгілі композитордың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Музыка алыбына бас иіп тағзым етті. Осы рәсімнен кейін алаңда ұлт аспаптар оркестрі өнер көрсетті.

— Телевизиялық жобаларды соңғы уақытта көптеп көріп жүрміз. Бірақ, шынын айту керек, ұлттық болмысымызды боямасыз көрсететін,  ұлттық рухымызды  көтеретін мұндай кең ауқымды халықаралық жоба бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Және оның «Қазақстан» ұлттық арнасының идеясы негізінде қолға алынғаны біз үшін үлкен мақтаныш. Бұл жобаға әрбір қазақтың санасына сәуле түсіріп, жүрегін қазғайтыны анық. Әсіресе, сыртта жүрген қандастарымыздың үн қосып жатқаны қуантады, — деді облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева.

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *