жұма , 23 маусым 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбе 50 күйші бір мезетте домбыраға тіл бітірді

Ақтөбе 50 күйші бір мезетте домбыраға тіл бітірді

«Мен  қазақпын»  мега  жобасының  аясында  Ақтөбеде  сауда  орталықтарының  бірінің  алдында  домбыра  пати  өтті. 50  күйші  бір  мезгілде  домбыраға  тіл  бітірді.  Мұны  шара  қонақтарымен  бірге  ақтөбеліктер  де  тамашалады.  Батыстың  күй  мектебінен  сыр  шертетін  бірнеше  туындылар  орындалды.  Оның  ішінде  шоқтығы  биік  Құрманғазы,  Қазанғап,  Дина  күйлері  айналаны  төгілтіп  жіберді.

«Мен  қазақпын»  халықаралық  мега  жобасының  облыстық  кезеңіне  18  үміткер  қатысады.  Бұл  аудандарда  іріктеу  кезеңінен  сүрінбей  өткен  термешілер,  күйшілер  мен  жыршылар.  Ал  республикалық  байқауға  қатысуға  қай  өнерпаздың  лайықты  екені  маусымның  11  күні  белгілі  болады.  Байқау  жексенбіде  Ғазиза  Жұбанова  атындағы  облыстық  филармонияда  сағат  15.00-де  өтеді.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *